$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Былтыр елімізде қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болды?

Редакция
29 мамыр 2024 04:06 3639
Былтыр елімізде қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болды? Сурет авторы: zberovski.ru

Бас прокуратура былтыр елімізде күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 300 шағым түсетінін мәлімдеген болатын.

"Жыл сайын елімізде осы азғындықтың кесірінен кем дегенде 80-ге жуық әйел көз жұмады, 150-ге жуығы ауыр, 200-дейі орташа, 4000-нан аса жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 хабарлама түседі", - деген болатын өткен жылы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.
Былтыр жалпы Қазақстан бойынша тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған.
 
Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты 99 мыңнан астам арыз түсіп, балаларға қатысты 2452 қылмыс жасалған. 

Соңғы жаңалықтар