$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Былтыр елімізде 200-ге жуық ер адам әйелінің тегін алған

Редакция
27 тамыз 2024 02:03 2344
Былтыр елімізде 200-ге жуық ер адам әйелінің тегін алған Сурет авторы: egov.kz

Жыл басынан бері СҚО-да жеті ер адам әйелінің тегін алған, оның үшеуі – ауыл тұрғыны, деп хабарлайды Qrnews тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ал былтыр елімізде 200-ге жуық ер адам зайыбының тегін алған.

Елімізде 16 жасқа толған әр адам атын, әкесінің атын және тегін өзгертуге құқылы. Өз аты, әкесінің аты немесе тегі ыңғайсыздық тудырса, айтылуы қиын болса, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыпты ортақ тегі болуды қаласа, өзгерте алады. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы елімізде былтыр 121 мыңға жуық неке тіркелген.

Соңғы жаңалықтар