$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Бүйрегін 9 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін

Редакция
14 қаңтар 2025 03:35 1644
Бүйрегін 9 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін Сурет авторы: elements.envato

Ақтөбеде өзінің бүйрегін сатпақ болған 27 жастағы атыраулық азаматқа қатысты сот ісі басталды, деп хабарлады "31 арна".

Айыпталушы алдын ала сатып алушымен келісіп, Ақтөбеге келген. Сатып алушы әйел бауырына донорлық орган іздеп жүргенін айтқан. Алайда ол полициямен серіктес болған.

"Қарызым көбейіп кетті. Ашуланып Telegram арнада хабарлама жазып жібердім. Содан кейін топтан шығып кеттім, оны ұмытып та кеттім. Қыркүйекте бір әйел хабарласып, анализ тапсыру керек екенін айтты. Екі анализ тапсырдым, нәтижесін күттік", – деді айыпталушы сотта.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Ол бүйрегін 9 миллион теңгеге сатуға келіскен. Барлық медициналық және жол шығынын сатып алушы өтейміз деп уәде еткен.

Ер адам алдын ала төлем алу кезінде ұсталды. Оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар