$ 477.11 € 545.58 ₽ 6.2

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

Абдрахманов Мағжан
13 шілде 2026, 16:37
Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты Сурет авторы: ҚазТАГ

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот оның жазасының өтелмеген екі айын айыппұлға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Ведомствоның хабарлауынша, жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдету немесе сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесін тек сот қарайды.

Ерлан Қожағапанов 2025 жылы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған болатын.

Тергеу дерегінше, ол 2018 жылы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген заңсыз әрекеттерге жол берген.

Соңғы жаңалықтар