$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі жемқорлық күдігімен ұсталды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2300
Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі жемқорлық күдігімен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растады.

«Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», - деп хабарлады Антикор.
 

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Үкімет басшысының кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны жайлы инсайдерлік ақпарат таратқан еді.

Соңғы жаңалықтар