$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бұрынғы қаржы министрі президент кеңесшісі болып тағайындалды

Редакция
20 мамыр 2024 14:20 2321
Бұрынғы қаржы министрі президент кеңесшісі болып тағайындалды

20 мамырда бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

50 жастағы Ерұлан Жамаубаев Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит", 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, "Іскерлік әкімшілендіру магистрі". Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Соңғы атқарған қызметтері: 

  • 2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болды.
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бері ҚР қаржы министрі қызметін атқарып келді.
  • 2022 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар