$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Редакция
30 сәуір 2024 02:25 4151
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды Сурет авторы: ІІМ

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Қадағалау органының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда.

«29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан (ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі) лауазымды және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Наурыздың 20-сы Бас прокуратура бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен басқа да полиция органдарының басшыларының қылмыстық қудалау туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бас прокуратураның хабарлауынша, департамент қаңтар оқиғасы кезінде құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу, сондай-ақ азаматтарды азаптау фактілері бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда.

«Жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпан айынан бері ҚР Ішкі істер министрлігін басқарды. Ол қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кеткен. Жұртшылық Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысын оның тұсында полицейлер жауап алу кезінде азаматтарды азаптағаны үшін айыптады.

Ол 2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ал 17 тамызда бұл қызметтен босатылды.

Соңғы жаңалықтар