$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Бұрынғы әйелін қудалаған: Қазақстанда сталкерлер қалай жазаланып жатыр?

Абдрахманов Мағжан
17 наурыз 2026, 14:08
Бұрынғы әйелін қудалаған: Қазақстанда сталкерлер қалай жазаланып жатыр? Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстанда сталкинг қылмыс ретінде танылғаннан кейін 51 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның тергеу департаментінің бастығы Самат Айсовтың айтуынша, 36 іс бойынша күдіктілер уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалған.

«Бұл санаттағы істердің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында», – деді ол.

Министрлік сондай-ақ сталкинг фактілерін анықтау және тергеу тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін және алдын ала ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінде Қазақстанда Қылмыстық кодекске 115-1-бап енгізіліп, сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.

Осы бап бойынша жаза:

  • 200 АЕК-ке дейін айыппұл,

  • 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс,

  • немесе 50 тәулікке дейін қамау.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында Бөкейорда аудандық соты бұрынғы әйелін қудалаған ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартты. Ал Астанада осындай іс бойынша сотталушы 100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттеліп, моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге тиіс болды. Кейін ол шектеу талаптарын бұзғандықтан, жазасының өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.

Соңғы жаңалықтар