$ 457.21 € 534.62 ₽ 6.08

Бурятияда қар көшкінінен қазақстандық қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
29 сәуір 2026, 14:14
Бурятияда қар көшкінінен қазақстандық қаза тапты Сурет авторы: globallookpress.com

Ресейдің Бурятия өңірінде қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.

Ведомство мәліметінше, оқиға 28 сәуір күні «Ирокинда» кен орнында болған. Қар көшкіні кезінде алты адам қар астында қалып, барлығы көз жұмған.

Ресейдің құзырлы органдарынан алынған ақпаратқа сәйкес, Бурятияның Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде 1990 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапқан. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ресейдегі елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ресейлік мемлекеттік органдармен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар