$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Бүгіннен бастап алматылықтардың бір бөлігі дәрілерді тегін ала бастайды

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2025 11:28 139
Бүгіннен бастап алматылықтардың бір бөлігі дәрілерді тегін ала бастайды Сурет авторы: gov.kz

Алматы қалалық мәслихатының 34-сессиясында қабылданған шешімге сәйкес, 6 қазаннан бастап қала тұрғындарының бір бөлігіне дәрі-дәрмектер тегін берілетін болды.

Қаулы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін кеңейтуді көздейді. Енді мына диагноздары бар азаматтар жаңа препараттарды тегін ала алады:

🔹 бронхиалды астма – Тезепелумаб
🔹 псориаздық артропатия – Гуселькумаб
🔹 гипофосфатемиялық рахит – Буросомаб
🔹 ювенильді идиопатиялық артрит – Тофацитиниб
🔹 Крон ауруы – Ведолизумаб
🔹 шашыраңқы склероз – Офатумумаб
🔹 жүйелі склероз және склеродермия – Ритуксимаб
🔹 қалқанша безінің обыры – Селперкатиниб
🔹 өкпе обыры – Селперкатиниб
🔹 көптік миелома – Помалидомид

Мәслихат шешімі 2025 жылғы 19 қыркүйекте қабылданып, 6 қазаннан бастап күшіне енді. Жаңа шаралардың арқасында созылмалы және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан азаматтар қымбат дәрілерді тегін алу мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар