$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Бүгін жол жүру ережесіне қатысты жаңа заң күшіне енді

Редакция
04 желтоқсан 2024 05:17 3538
Бүгін жол жүру ережесіне қатысты жаңа заң күшіне енді Сурет авторы: Zakon.kz

Бүгіннен бастап Қазақстандағы жол қозғалысы және жолдардағы бұзушылықтарға жауапкершілікті күшейтетін маңызды өзгерістер күшіне енді.

Жаңа ережелер бойынша, енді қала сыртындағы тас жолдарда екі камера арасындағы орташа жылдамдықты асырып өткен жүргізушілерге әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 5-тен 40 АЕК-ке дейін барады (18 460 теңгеден 147 680 теңгеге дейін). Бұл жылдамдықтың қаншалықты асып кеткеніне байланысты.

40 АЕК мөлшеріндегі айыппұл жылдамдықты белгіленгеннен 60 км/сағатқа асырғандарға салынады. Мысалы, егер рұқсат етілген жылдамдық 60 км/сағат болса, ал жүргізуші 120 км/сағат немесе одан жоғары жылдамдықпен жүрсе, айыппұл 147 680 теңге болады.

Мас күйінде көлік құралын басқарғандар, жүргізуші куәлігінсіз жүрген тұлғалар немесе медициналық тексеруден бас тартқан адамдар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыра алмайды.

Жол ұйымдарына қатысты да жауапкершілік күшейтілді. Егер жолдарды күтіп ұстау мен жол құрылыстарын сақтау бойынша қайталанған бұзушылықтар орын алса, айыппұлдар 15-тен 40 АЕК-ке дейін болады, бұл кәсіпкерлік субъектісіне байланысты өзгеріп отырады.

Соңғы жаңалықтар