$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бүгін ҰҚШҰ саммиті: қандай мәселелер талқыланады?

Редакция
28 қараша 2024 01:44 3693
Бүгін ҰҚШҰ саммиті: қандай мәселелер талқыланады? Сурет авторы: president.gov.by

Бүгін елордада ҰҚШҰ саммиті өтеді. Оған бес мемлекет қатысады: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь. 

Тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Алтыншы мүше мемлекет Армения биыл ұйымға қатысуын тоқтатып, одан шығуды жоспарлап отырғанын жариялады.

ҰҚШҰ-ның тарихы 1992 жылы Ташкентте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қоюдан басталған еді. 10 жылдан кейін Кишиневте толыққанды халықаралық ұйым мәртебесін бекіткен жарғы қабылданды. Құрылымға ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңестері, қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті, тұрақты кеңес, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның жоғары органдары қабылдаған шешімдерді жүзеге асыратын хатшылық пен бірлескен штаб кіреді.

Соңғы жаңалықтар