$ 491.68 € 568.23 ₽ 6.2

Болашақ зейнеткерлер 300 мың теңге төлем алу үшін қанша жинау керек?

Редакция
13 наурыз 2026, 14:21
Болашақ зейнеткерлер 300 мың теңге төлем алу үшін қанша жинау керек? Сурет авторы: finratings

Қазақстанда 2040 жылдан бастап зейнетке шығатын азаматтардың жағдайы түбегейлі өзгереді. Бұл кезеңде еңбек жолын бастағандардың «ынтымақты» (солидарная) зейнетақысы болмайды. Демек қарттықтағы табысыңыз тек бүгінгі жинаған ақшаңызға тікелей байланысты болмақ, деп хабарлайды informburo.kz.

Егер сіз ай сайын орташа жалақыдан тұрақты түрде жарна аударып отырсаңыз, болашақ зейнетақыңыз бұрынғы табысыңыздың кемінде 40%-ын құрайды. Бұл Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарты болып табылады.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов пен БЖЗҚ сарапшылары бір ауыздан:

«Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу – болашақтағы кедейлікке жол ашу», - деп ескертеді.

Жинақтарды үй алуға немесе емделуге жұмсау зейнетақы мөлшерін айтарлықтай төмендетеді. Соған байланысты алдағы уақытта ақшаны ерте шешіп алу шегі (порог) қатайтылуы мүмкін.

Зейнетақы көлемін не құрайды?

1. Өзіңіздің жарнаңыз (10%): Тұрақтылық маңызды.

2. Жұмыс берушінің жарнасы (ОПВР): Бұл жаңа компонент ынтымақты жүйені алмастырып, төлемді көбейтеді.

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы: Бұл барлығына беріледі.

Соңғы жаңалықтар