$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев 9 жылға сотталды

Редакция
05 наурыз 2025 04:36 3227
«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев 9 жылға сотталды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Астананың мамандандырылған ауданаралық соты «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиевті 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару, мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, құжатсыз өңдеу, сондай-ақ экономикалық контрабанда баптары бойынша айып тағылды.

Сот үкіміне сәйкес:

  • Әбиевке мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
  • 5 жыл бойы қоғамдық бірлестіктерді басқару және құру қызметімен айналысуға болмайды.
  • Онымен бірге сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Сот 180 млн теңгеден астам мүлікті тәркілеу және 6 млрд теңге көлеміндегі қылмыстық кірісті қайтару туралы шешім шығарды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2018-2022 жылдары қылмыстық топ Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытында ЕАЭО аумағында сатуға тыйым салынған К-2 экологиялық санатындағы 50,6 мың тонна дизель отынын өндірген.

Кейін бұл дизель отыны басқа мұнай өнімі ретінде сатылып, 11,3 млрд теңге табыс тапқан. Оның ішінде 22,6 мың тонна отын 6,7 млрд теңгеге шетелге заңсыз жолмен экспортталған.

Сот мәлімдемесіне сәйкес, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық кірістер «Genesis» (немесе «Болашақ сәулетшілері») заңсыз қоғамдық бірлестігінің қызметін қаржыландыруға жұмсалған.

2023 жылғы 21 тамызда Марат Әбиев аталған бірлестікті құрғаны және басқарғаны үшін 7 жылға сотталған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар