$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Редакция
26 наурыз 2026, 09:59
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды Сурет авторы: sportilinet.kz

30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолияда World Boxing аясында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті дүбірлі додаға аттанатын ерлер мен әйелдер құрамасының толық тізімін жариялады.

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов бастаған команда сапында әлемдік деңгейдегі танымал боксшылар бар. Ливерпульде өткен әлем біріншілігінің жеңімпаздары Санжар Тәшкенбай, ағайынды Сабырхандар мен Айбек Оралбай Моңғолия шаршы алаңында бақ сынайды. Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай мен Сағындық Тоғамбай секілді мықты спортшылар құрамға енді.

Әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин де ең таңдаулы боксшыларды іріктеп алды. Алайда, бапкерлер штабының шешімімен Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай бастаған бірқатар әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бұл жолы құрлықтық додаға қатыспайды. Олардың орнына Валентина Хальзова мен Римма Волосенко бастаған спортшылар ел намысын қорғамақ.

Турнир барысында ерлер мен әйелдер арасында барлығы 20 салмақ дәрежесі бойынша медалдар жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар