Блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты
Сурет авторы: Әділетзан Молдаханның Instagram парақшасынан
Алматының Алмалы аудандық соты көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханды екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды.
Сот оған блогерлік қызметпен айналысуға да тыйым салды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. Үкімнің заңды күшіне енгені туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бұған дейін прокурор Молдаханды үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Жәбірленушілер айыптау тарапының талабын қолдап, оған блогерлік қызметпен айналысуға қосымша тыйым салуды өтінген еді.
Молдахан сотта тағылған айыпты толық мойындаған. Қорғаушылар бұлтартпау шарасын өзгертуді, істі жеңілдетілген тәртіппен қарауды және тараптарға татуласуға уақыт беруді сұраған. Алайда сот оны қамаудан босату туралы өтінішті қанағаттандырмады.
Оған Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылды. Бұл бап бұқаралық ақпарат құралдары немесе байланыс желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті көздейді. Іс бойынша Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен қалалық әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шумаев жәбірленуші деп танылған.
Қылмыстық іс Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол апатынан кейін жарияланған бейнежазбаларға байланысты қозғалды. Молдахан жазбаларында түнгі жарысқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген болжам айтқан.
Жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Александр Пак жүргізген Zeekr қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Кейін Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылып, көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Соңғы жаңалықтар
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
31 минут бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
40 минут бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
56 минут бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
1 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
1 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
4 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
4 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
5 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
6 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
6 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
6 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын