$ 493.36 € 572.84 ₽ 6.29

БҚО-да тасқыннан қырылған мал шығыны түгел өтелді

Редакция
06 маусым 2024, 13:10
БҚО-да тасқыннан қырылған мал шығыны түгел өтелді

Көктемде су басқан бес ауданда 2 500-ге жуық төрт түлік қырылған.

Шығынды өтеуге облыс бюджетінің төтенше жағдайлар резервінен 187 млн теңге қаражат бөлінді. Жылқысы, ірі қарасы, қой-ешкісі мен құс-шошқасы бар 139 тұрғынның 1000-нан астам үй жануары үшін 152 млн теңге төленген.

Ал, тіркелмеген мал шығыны демеушілердің қаржысынан өтелмек.

 

Соңғы жаңалықтар