$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

БҚО-да тағы бір дронның сынықтары табылды

Абдрахманов Мағжан
26 наурыз 2026, 09:33
БҚО-да тағы бір дронның сынықтары табылды Сурет авторы: Мой Город

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) сынықтары табылды. Бұл туралы полиция хабарлады.

Ведомство мәліметінше, нысан елді мекендерден тыс аумаққа құлаған. Оқиғаға байланысты тексеріс басталған.

Соңғы айларда өңірде мұндай жағдай бірнеше рет тіркелген. Бұған дейін дрон қалдықтары Бөкейордасы, Тасқала және Жәнібек аудандарынан табылған. Бұл – аймақтағы бесінші оқиға.

Қорғаныс министрлігінің түсіндіруінше, мұндай жағдайлардың басым бөлігі Ресейдің сынақ полигоны қызметімен байланысты. Полигон шекарасының бір бөлігі Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар