$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

БҚО-да науқас дәрігердің қателігінің кесірінен аяғынан айырылды

Редакция
20 қараша 2024 05:07 1178
БҚО-да науқас дәрігердің қателігінің кесірінен аяғынан айырылды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Жәнібек аудандық соты жергілікті аурухананың хирургіне қатысты істі қарады. Оған кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айып тағылды, деп хабарлады БҚО соты.

Соттың мәліметінше, 2023 жылдың 25 қазанында 18:25-те зардап шегуші өндірістік жарақат алған соң ауруханаға жеткізілген.

"Хирург өз міндеттеріне салғырт қарап, дұрыс медициналық көмек көрсетпеді. Алғашқы хирургиялық емдеу талаптарын бұза отырып, жараны антисептикпен өңдеп, жыртылған шетін кеспей тікті, дренаждамады, бұл сұйықтықтың жиналуына және инфекцияның пайда болуына қолайлы жағдай жасады", - делінген сот хабарламасында.

2024 жылдың 10 қарашасында зардап шегушінің жарақаттанған оң аяғы тобық деңгейінде ампутацияланды.

Істі қарау барысында зардап шегуші оған келтірілген мүліктік шығынның өтелгенін мәлімдеді. Тараптар медиация тәртібінде татуласып, зардап шегуші қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді. Сот қылмыстың жеңіл санатына жататынын анықтап, зардап шегушімен татуласуына байланысты хирургті қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Соңғы жаңалықтар