$ 478.77 € 548.62 ₽ 5.87

БҚО-да мектеп автобусы мен маршруттық көлік соқтығысты: оқушылар зардап шеккен

Абдрахманов Мағжан
31 наурыз 2026, 17:55
БҚО-да мектеп автобусы мен маршруттық көлік соқтығысты: оқушылар зардап шеккен Сурет авторы: Telegram/ Уральск 404

Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы мен маршруттық автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға салдарынан бірнеше адам, оның ішінде балалар зардап шекті.

Апат 31 наурыз күні сағат 14:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолының Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, маршруттық автобус мектеп көлігімен соқтығысып, кейін ол екпінмен алда тұрған автокөлікке соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қаза тапқандар жоқ.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Соңғы жаңалықтар