$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

БҚО-да ер адам жұмыстан кешіккені үшін түрмеге қамала жаздады

Редакция
24 шілде 2026, 14:46
БҚО-да ер адам жұмыстан кешіккені үшін түрмеге қамала жаздады Сурет авторы: stock.adobe.com

Батыс Қазақстан облысында пробация қызметі сотталған азаматтың жұмыстан сағат 22:00-ден кейін оралуын негіз етіп, оның бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды талап етті. Алайда Бәйтерек аудандық соты азаматтың құқығын қорғап, пробация органның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Пробация қызметінің ұстанымы

№1 пробация қызметі сотқа жолдаған ұсынысымында сотталған азамат жазаны өтеу тәртібін бұзды деп айыптады. Ведомство тарапынан мынадай негіздер келтірілді:

  • Құзырлы органдарға хабарламай, аудан аумағынан келісімсіз кету

  • Кешкі сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінде болмау.

Соттың шешімі мен заңды негіздер

Сот отырысы барысында азамат өзінің Орал қаласына жұмыс бабымен барып-қайтуына ресми рұқсаты бар екенін түсіндірді. Ал сағат 22:00-ден кейін үйіне кешігіп келуі тек бір рет қайталанған және ол ауысымдық жұмыстың аяқталу уақытына байланысты орын алған.

Іс материалдарын мұқият зерттеген сот мынадай тұжырымға келді:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 67-бабына сәйкес, бір реттік кешігу жүйелі немесе қастандықпен жасалған ереже бұзушылық болып саналмайды;

  • Азаматтың қалаға жұмысқа баруына ресми рұқсат қағазы болған;

  • Сотталған азамат ресми түрде жұмысқа орналасқан, жаза өтеу кезеңінде ешқандай басқа құқық бұзушылыққа бой алдырмаған.

Нәтижесінде сот пробация қызметінің ұсынысын кері қайтарды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Соңғы жаңалықтар