$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

БҚО-да дрон құлады

Редакция
20 ақпан 2025 03:26 1536
БҚО-да дрон құлады Сурет авторы: "Просто журналистика" арнасында жарияланған видеодан скриншот

18 ақпанға қараған түні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округі маңында белгісіз нысан табылды, деп хабарлады Азаттық.

Жергілікті полиция оқиғаны растап, тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Просто журналистика" арнасы оқиға орнынан құлаған аппараттың суретін жариялады. Бірақ оның қайдан және қалай түскені белгісіз.

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов дронның қазақстандық әскерилерге тапсырылғанын және қазіргі уақытта Оралда екенін мәлімдеді. Алайда Қорғаныс министрлігі бұл туралы қосымша ақпарат бермеді.

Журналист әрі әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы әлеуметтік желіде дронның ресейлік "Орлан-10" ұшқышсыз аппаратына ұқсайтынын жазды. Ал кейбір басылым француздық SAGEM Crecerelle барлау дроны болуы мүмкін деген болжам ұсынды. Бірақ ашық дереккөздерден нақты сәйкестік табылмаған.

Аталған аймақ Ресейдің Капустин Яр әскери полигонына жақын орналасқан. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар