$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

«Біздің тарихымыз тек нәубет пен азаптан тұрмайды»: Тоқаев тарихты бұрмаламауға шақырды

Редакция
28 тамыз 2026, 11:52
«Біздің тарихымыз тек нәубет пен азаптан тұрмайды»: Тоқаев тарихты бұрмаламауға шақырды Сурет авторы: Ақорда

Астанада бірінші шақырылымдағы бір палаталы Құрылтайдың беташар сессиясы өз жұмысын бастады. Жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, елдің өткені мен болашағына қатысты ең маңызды мәлімдемелердің бірін жасады.

Президент өз сөзінде: «Біздің төл тарихымыз пен әдебиетіміз шет-шегі жоқ нәубет пен азапқа толы жылдардың жылнамасы емес», – деп айтты. 

Мемлекет басшысының сөзінше, тарихи деректерді бұрмалау ұлт болашағына балта шабады. Қазақ шежіресін тек қайғы-қасірет пен нәубеттердің жиынтығы ретінде көрсету - үлкен қателік. Өткен күннің өткелдерін уақытша сәтсіздіктермен шектемей, ондағы ұлы жеңістер мен жетістіктерді де әділ бағалау қажет.

Тоқаев тарихты біржақты немесе өкпе-ренішке сүйеніп емес, тек мемлекеттік мүдде мен шынайылық тұрғысынан жазу керектігін баса айтты. Бұл қадам ең алдымен келешек ұрпақтың санасын уламай, өскелең жастардың тарихи танымын дұрыс қалыптастыру үшін ауадай қажет.

 

Соңғы жаңалықтар