$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Биыл үйдегі зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық өтініш тіркелді

Редакция
20 желтоқсан 2024 01:41 1514
Биыл үйдегі зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық өтініш тіркелді Сурет авторы: freepik

2024 жылдың басынан бері Қазақстан полициясына отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңға жуық өтініш түсті. Құқық қорғау органдары 72 мың қорғау нұсқамасын шығарды, ал соттар 16 мың іс бойынша шешім қабылдады.

Үкіметтің мәліметінше, елде зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері бұл орталықтарға 5 мыңнан астам әйел, оның ішінде 3,7 мыңы балаларымен бірге орналастырылды. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есе азайған:

  • зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстар 37,9%-ға;

  • адам өлтіру 49,3%-ға;

  • ауыр дене жарақатын салу 8,7%-ға төмендеген.

Балаларды қорғау мақсатында әр мектепке ювеналды полиция қызметкері бекітілген. Олар балалардың құқықтары туралы сабақтар өткізіп, құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтайды.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 35 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурстарды, оның ішінде суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 127 сайтты анықтады. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс 6%-ға төмендеді, оның ішінде:

  • кісі өлтіру 29%-ға;

  • ұрлық 19%-ға;

  • тонау 15%-ға азайды.

Соңғы жаңалықтар