$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Биыл "Отбасы банк" сыйақысы қанша болады?

Редакция
03 наурыз 2025 05:09 3786
Биыл "Отбасы банк" сыйақысы қанша болады? Сурет авторы: Ulysmedia

2025 жылы «Отбасы банк» салымшылары мемлекеттен 157 280 теңгеге дейін сыйақы ала алады. Банк өкілдерінің мәліметінше, өткен жылы 2 134 279 адам өз баспанасына ақша жинап, мемлекеттік сыйақыға ие болған. Олардың әр төртіншісі ең жоғарғы мөлшердегі 147 680 теңге көлемінде сыйақы алған.

Биыл 157 280 теңге сыйақы алу үшін салымшының «Отбасы банкіндегі» шотына 786 400 теңге (200 АЕК) жинақтауы қажет. Егер ай сайын шамамен 65 533 теңге салып отырса, осы соманы жинауға болады. Банктің хабарлауынша, «Отбасы банк» депозиттерінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банк төлемдері мен 20%-дық мемлекеттік сыйақыны қоса есептегенде 14%-ға дейін жетуі мүмкін.

Мемлекеттік сыйақы 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомасына ғана тағайындалады әрі бұрын сыйақы төленбеген салымдар бойынша есептеледі. Сонымен қатар бір салымшының бірнеше депозиті болған жағдайда, сыйақы тек бір депозитке ғана аударылады.

Соңғы жаңалықтар