$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Биыл IT-мамандарды дайындауға бағытталған Tech Orda бағдарламасына 35 мың өтініш келіп түскен

Редакция
16 қазан 2024 04:25 2639
Биыл IT-мамандарды дайындауға бағытталған Tech Orda бағдарламасына 35 мың өтініш келіп түскен Сурет авторы: astanahub.com

Бұл туралы Astana Hub халықаралық технопаркі хабарлады. Бұл рекордтық көрсеткіш IT-мамандықтарына деген сұраныстың біршама артқанын айшықтайды.

2024 жылы 3 465 грант бөлінді, оның ішінде 2 465-і негізгі легке, ал 1 000-ы мамандандырылған топтар аясында педагогтерге ұсынылды. Атап айтқанда, 300 грант мектеп мұғалімдерінің және 700 грант ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға берілді. 

Статистикаға сәйкес, бағдарлама түлектерінің 88%-ы жұмысқа орналасып, олардың орташа жалақысы шамамен 500 мың теңге болды. Түлектер Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst&Young, Теңізшевройл, ҚазМұнайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana, Kolesa Group пен басқа да жетекші ұйымдарда жұмыс істейді.

Президент Қазақстан халқына Жолдауында 100 мың IT-маман даярлау қажеттігін айтты. Осы тапсырма аясында 2021 жылы Astana Hub базасында Tech Orda бағдарламасы пилоттық режимде іске қосылды. Бағдарлама бойынша мемлекет жыл сайын 3 мыңнан астам IT-маман даярлау мақсатында әр студентке 600 мың теңге бөлу арқылы қолдау көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар