$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бишімбаев тергеу изоляторында камераласын ұрып-соқты ма?

Редакция
02 шілде 2024 06:56 2096
Бишімбаев тергеу изоляторында камераласын ұрып-соқты ма? Сурет авторы: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде экс-министрдің камераласын ұрып-соққаны жайлы ақпарат тарады. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын еске салады», - деп түсіндірді департамент.

13 мамырда Астанада апелляциялық алқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімге апелляциялық шағымдарды қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды. 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр бұл әрекетті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр зиян келтіру бабына ауыстыруды сұрады.

Orda редакциясы Бишімбаевтың адвокаттарынан оны қашан колонияға ауыстыратынын сұраған. Адвокаттар апелляция заңды күшіне енген соң, Бишімбаевты "Аршалыға" көшіруі мүмкін екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар