$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істеуі мүмкін?

Редакция
18 шілде 2024 05:15 1360
Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істеуі мүмкін? Сурет авторы: Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаев әлі тергеу изоляторында, бірақ жақын арада оны колонияға ауыстырмақ. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.

ҚАЖК төрағасы экс-министрдің колонияда қандай жұмыс істеуі мүмкін екенін де айтып өтті.

"Иә, біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Әсіресе, сотқа шағымданатындарды. Өндіріс орындарында әртүрлі жұмыс орны бар. «Еңбек» РМК жұмысқа тұрып, ағаш және темір өңдей алады. Бәрі бос жұмыс орнының болуына байланысты", - деді Жәнібеков.

Оның айтуынша, Бишімбаев алдымен 15 күн карантинде жатады.

"Карантиннен кейін оны тиісті отрядқа орналастырамыз, содан кейін онымен тәрбие жұмыстарын жүргіземіз, онымен психологтар айналысатын болады", - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар