$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бишімбаев ісін жүргізіп жатқан судьяны қорқыту фактісі бойынша іс қозғалды

Редакция
19 сәуір 2024 07:36 1488
Бишімбаев ісін жүргізіп жатқан судьяны қорқыту фактісі бойынша іс қозғалды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Бұл туралы Жоғары Соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.

Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар