$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Бірқатар олигарх қазақстандық футбол клубтарын сатып алуды жоспарлап отыр

Абдрахманов Мағжан
20 қазан 2025, 11:46
Бірқатар олигарх қазақстандық футбол клубтарын сатып алуды жоспарлап отыр Сурет авторы: pixabay

Қазақстанның футбол клубтарына жеке инвесторлар қаржы құюға дайын. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Нартай Сарсенғалиевтің сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес футбол клубтарын жекешелендіру процесін жеделдету жұмысы жүріп жатқанын еске салды. Қазір Туризм және спорт министрлігі, Футбол федерациясы мен жергілікті әкімдіктер инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) «Қызыл-Жар» футбол клубын сатып алуды қарастырып жатыр.
Freedom Finance компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов «Шахтер» клубына арнап стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық білдірді.
Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) «Жеңіс» футбол клубын сатып алып, Астанада футбол инфрақұрылымын дамыту жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
⚽ Қызылордалық TAU GROUP LTD (Ислам Козбаков) «Қайсар» футбол клубын иеленуге ниетті.

Сонымен қатар министрлік “Тараз”, “Елімай” және “Ертіс” клубтарына қатысты да әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар