$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

«Біреу қаза тапса, мен де аза тұтуым керек пе?»: Петропавлда блогер 10 тәулікке қамалды

Абдрахманов Мағжан
29 қыркүйек 2026, 17:24
«Біреу қаза тапса, мен де аза тұтуым керек пе?»: Петропавлда блогер 10 тәулікке қамалды Сурет авторы: polisia.kz

Петропавлда Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, теріс қылық жасаған 42 жастағы Ирина Антоненко 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады полиция.

Полиция мәліметінше, әйел тікелей эфир кезінде аза тұтуға қатысты пікір білдірген.

«Менің өмірім тоқтап қалуы керек пе? Бұл не сандырақ? Біреу қаза тапса, мен де аза тұтуым керек пе?» – деген ол тікелей эфирде.

Осыдан кейін полиция тексеру жүргізіп, жиналған материалдарды сотқа жолдаған.

29 қыркүйекте сот Ирина Антоненконы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар