$ 490.58 € 584.77 ₽ 6.34

Бір айдың ішінде үй саудасы екі есеге жуық азайды

Абдрахманов Мағжан
11 ақпан 2026, 09:30
Бір айдың ішінде үй саудасы екі есеге жуық азайды Сурет авторы: Cian.ru
2026 жылғы қаңтар айында ел бойынша 27 745 тұрғын үй сату-сатып алу мәмілесі тіркелді. Оның ішінде 6 020-сы – жеке тұрғын үй, 21 725-і – пәтер.
 
2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда нарықтағы белсенділік 47,8 пайызға төмендеген. Желтоқсанда 53 128 мәміле жасалса, қаңтарда бұл көрсеткіш екі есеге жуық қысқарған.
 
Өңірлер бойынша көшбасшылар
 
Мәміле саны ең көп тіркелген өңірлер:
• Астана – 5 375 (19,4%)
• Алматы – 5 191 (18,7%)
• Қарағанды облысы – 2 241 (8,1%)
 
Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді. Өңірде 283 мәміле жасалып, жалпы көлемнің 1 пайызын ғана құрады.
 
Қай өңірде құлдырау жоғары?
 
Айлық көрсеткіш бойынша тұрғын үй саудасы барлық өңірде азайған. Ең айқын төмендеу:
• Павлодар облысы – 68,1%
• Абай облысы – 64,0%
• Солтүстік Қазақстан облысы – 57,3%
 
Сондай-ақ 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда мәміле саны 10,3 пайызға кеміген.

Соңғы жаңалықтар