Бір айда екінші өлім: ШҚО-дағы KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты
Сурет авторы: istock
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан KAZ Minerals тобына қарасты кәсіпорында тағы бір кенші қаза тапты. Компанияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында «Востокцветмет» ЖШС-не тиесілі Артемьев шахтасында болған. Тау жынысының құлауы салдарынан жұмысшы үйінді астында қалып қойған.
«30 мамырда Артемьев шахтасында тау жынысының құлауы салдарынан кәсіпорын жұмысшысы қаза тапқанын терең қайғырып хабарлаймыз. Бұл бүкіл ұжым үшін ауыр қаза. Әріптесіміздің отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетеді», – делінген кәсіпорын таратқан ресми хабарламада.
Төтенше жағдайдан кейін аталған учаскедегі барлық өндірістік жұмыстар уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы тергеу амалдары жүріп жатыр. Кәсіпорын басшылығы болашақта мұндай трагедияларды болдырмау үшін оқиғаның толық мән-жайын анықтау маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұл – соңғы бір ай ішінде аталған шахтада тіркеліп отырған екінші өлім дерегі. Осыған дейін, 9 мамырда Артемьев шахтасында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдеткіш қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмған еді. Сондай-ақ 27 сәуірде Абай облысындағы Орловская шахтасында тау жынысы құлап, бір жұмысшы мертігіп, екіншісі қаза тапты. Наурыз айында кәсіпорын нысандарының бірінде екі қызметкер улы газбен уланып, оның біреуі қайтыс болған болатын. Ал 2024 жылдың күзінде «Ертіс» және «Артемьев» шахталарында бес адам ажал құшқан еді.
Өндіріс орындарында жұмысшылардың қаза табуы елімізде жиілеп кетті. Мысалы, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі «Қазцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан екі адам оқиға орнында мерт болып, тағы бес қызметкер жарақат алған, кейінірек зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды. ТЖМ алдын ала болжамы бойынша, жарылысқа түтін сорғышты тазалау кезіндегі газ-ауа қоспасының тұтануы мен конструкциялардың ішінара құлауы себеп болған.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
1 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
4 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
5 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
5 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
6 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
6 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
6 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
7 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
7 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
8 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
10 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
10 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
11 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
12 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
12 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын