$ 482.33 € 557.57 ₽ 5.74

Білім мен қайрымдылық тоғысқан сәт: «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жаңа бастамалар қолға алынды

Редакция
01 желтоқсан 2025, 15:41
Білім мен қайрымдылық тоғысқан сәт: «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жаңа бастамалар қолға алынды Сурет авторы: Facebook

30 қараша күні «Атадан Мирас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» атты ауқымды қайрымдылық жәрмеңкесі өтті. Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау және олардың кәсіби деңгейде қалыптасуына қолдау көрсету. Жәрмеңке барысында жиналған барлық қаражат оқушылардың білімі мен болашақ даму бағдарламаларына бағытталады.

«Саналы ұрпақ» жобасы оқушыларды тек Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындаумен ғана шектелмейді. Жобаның басты мақсаты — баланың жан-жақты, тұлғалық дамуына ықпал ету. Осы орайда қор мектептермен бірлесе отырып, білім гранттарын бөліп қана қоймай, жыл бойы түрлі практикалық кездесулер, мотивациялық сабақтар мен танымдық семинарлар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Ай сайын өткізілетін семинарлар аясында оқушылар өз саласының білікті мамандарымен пікір алмасуға мүмкіндік алады. 
Соңғы кездесулерде:

  • 15 жылдық тәжірибесі бар белгілі профориентолог Рысбек Проманов оқушыларға мамандық таңдаудағы өзекті бағыттарды көрсетті.
  • Халықаралық «AIS» мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Есхат Көшеғұлов тіл үйренудің тиімді әдістері мен өмірлік маңызды кеңестерімен бөлісті.

Алдағы уақытта жоба аясында оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттыратын және заманауи дағдыларды қалыптастыратын пайдалы семинарлар мен қызықты іс-шаралар легі жалғасады деп жоспарлануда.

«Атадан Мирас» қоғамдық қоры өскелең ұрпақтың білім жолындағы қадамына демеу болып, ел болашағына инвестиция салуды басты міндет санайды.

Соңғы жаңалықтар