$ 540.05 € 629.16 ₽ 6.65

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны рас па?

Дулат Абдраманов
04 қыркүйек 2025 15:26 926
"Orda" ақпараттық агенттігі өзінің дереккөздеріне сүйеніп Қытайға сапарынан кейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Хаджи Хаджиевтің ұсталғанын жариялаған болатын. Бұл ақпарат қаншалықты рас?
Сыртқы істер министрінің ұсталғаны рас па? Сурет авторы: Ақорда

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін Orda порталы құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сүйеніп, Нұртілеу, кәсіпкер Хаджи Хаджиев және ҰҚК-ның бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды деп хабарлаған еді.

Facebook-тегі жазбасында Балаева жалған мәлімет тарату әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, журналистерді расталмаған ақпаратқа ерудің салдарына назар аударуға шақырды.

«Хайп қуған жалған деректер азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, жақындарына зиян тигізуі мүмкін», – деді министр.

Orda болса, «билік жоққа шығарады, бірақ біздің дереккөздеріміз басқаша айтады» деген ұстанымда қалды. Ал Сыртқы істер министрлігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар