$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

БИЛ оқушысы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

Редакция
24 қараша 2025, 22:41
БИЛ оқушысы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

Алматыда 17–23 қараша аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан ІІ әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додада 21 мемлекеттен 180 ойыншы бақ сынады.

15 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы рапид санатында Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицейінің оқушысы Наурызғали Әмір әлем чемпионы атанды. Чемпионды дайындаған – Каймульдин Жанат.

Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасы үшін де, Павлодар өңірінің тоғызқұмалақ мектебі үшін де үлкен жетістік саналады. Чемпионат барысында жас спортшы жоғары шеберлігін көрсетіп, қарсыластарын сенімді жеңді.

Соңғы жаңалықтар