Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесіне қатысты министрлік пен федерация түсініктеме берді
Сурет авторы: vapress.ru
Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінен кейін Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан шахмат федерациясы ресми түсініктеме берді. Спортшы өз жазбасында жалақысының қысқаруы, халықаралық жарыстарға дайындықты қаржыландыру және мемлекеттік қолдау мәселелерін көтерген еді.
Бұл мәселеге қатысты Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев пікір білдірді.
Оның айтуынша, Бибісара Асаубаева 2023–2024 жылдары Спортты дамыту дирекциясынан ай сайын 1 миллион теңге көлемінде жалақы алып келген. Алайда 2025 жылдан бастап басым спорт түрлерінің жаңа тізімі бекітіліп, шахмат оған енбегендіктен келісімшарт көлемі қайта қаралған.
Министр орынбасарының мәліметінше, Спорт пен туризмді қолдау қоры спортшының дайындық жұмыстарына биыл 100 миллион теңге бөлген. Сондай-ақ Бибісараның командасымен тұрақты байланыс орнатылып, барлық ресми өтініштерге жауап берілген.
Серік Жарасбаев II дәрежелі «Барыс» орденінің тапсырылмауына қатысты да түсініктеме берді. Оның сөзінше, спортшының жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына байланысты тығыз кестесі марапатты уақытылы табыстауға мүмкіндік бермеген. Министрлік өкілі бұл мәселе бақылауда екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол спорттағы қаржыландыру мәселесіне тоқталып, соңғы уақытта қоғамдық талқылауларда материалдық қолдау тақырыбы жиі көтерілетінін айтты. Оның пікірінше, спортшылардың басты міндеті халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, Қазақстанның абыройын арттыру болуы тиіс.
«Мемлекет барлық федерацияларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан туындаған мәселелерді әлеуметтік желілер арқылы емес, ашық диалог арқылы шешкен жөн. Спорттағы негізгі басымдық нәтиже мен ел имиджі болуы керек», – деді Серік Жарасбаев.
Өз кезегінде Қазақстан шахмат федерациясының өкілі Гүлмира Даулетова федерация спортшыларға жалақы төлемейтінін, тек шәкіртақы мен гранттар бөлетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, федерация президенті Тимур Турлов келгенге дейін шахматшылардың шәкіртақысы 50–100 мың теңге көлемінде болса, гранттар 10–20 миллион теңге аралығында болған. Кейін бұл қолдау көлемі бірнеше есеге артқан.
Гүлмира Даулетованың мәліметінше, биыл Бибісара Асаубаеваға федерация тарапынан жалпы 80 миллион теңге көлемінде грант бөлінген. Оның 40 миллионы – «Алтын грант», ал қалған 40 миллионы – Тимур Турлов атынан берілген президенттік грант. Бұдан бөлек, шахматшы блиц шахматтан әлем чемпионы атанғаннан кейін 25 миллион теңге көлемінде сыйақы алған.
Федерация өкілінің айтуынша, 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдесі үшін ұлттық құрамадағы әрбір спортшыға 20 миллион теңгеден төленген. Бұл төлемдер гранттардан бөлек жүзеге асырылған.
Осылайша, Бибісара Асаубаева көтерген мәселелерге қатысты министрлік пен федерация өз ұстанымдарын білдірді. Тараптар спортшыға көрсетілген қолдау көлемін жариялап, қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау төңірегінде түсініктеме берді. Ал шахматшының мәлімдемесі қоғамда жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру және спортшыларды қолдау жүйесіне қатысты талқылауды қайта жандандырды.
Нуризат Муратбекқызы
Соңғы жаңалықтар
-
Жемқорлық тек кабинетте басталмайды: неге біз «ұсақ параға» көз жұма қараймыз?
2 сағат бұрын
-
Wildberries-тегі шабуылдар қазақстандық сатушыларға 1 млрд теңгеден астам шығын келтірді
6 сағат бұрын
-
Балалар контенті неге кенжелеп тұр? Отандық медианың ішкі кедергілері мен себептері
6 сағат бұрын
-
Путин Арменияны ЕО мен ЕАЭО арасында таңдау жасауға шақырды
7 сағат бұрын
-
Тоқаевқа қаржылық қылмыстар бойынша есеп берілді: Миллиардтаған жымқырулардың беті ашылды
1 күн бұрын
-
ҚҚК Қазақстан мұнайын қайта қабылдай бастады
1 күн бұрын
-
Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты
1 күн бұрын
-
Ресей Байқоңырдан кете ме: «Роскосмос» басшысы не дейді?
1 күн бұрын
-
Өскеменде әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстанда аптап ыстықтың жүкті әйелдер мен сәбилердің денсаулығына әсері зерттеледі
1 күн бұрын
-
Трамп Иранға қарсы ауқымды соққыларды әзірге тоқтата тұрды
1 күн бұрын
-
Берлинде ЛГБТ шеруіне шыққандарды көлік қақты: бір адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Ресейге артық мұнай өнімдерін жеткізуі мүмкін
2 күн бұрын
-
АҚШ Украинаға Қазақстан мұнайын таситын кемелерге соққы бермеуді ескертті
2 күн бұрын
-
Қазақстан Қашаған операторының мүлкін бұғаттап тастады
2 күн бұрын
-
Украина Тоқаевтың қақтығысты тоқтату туралы мәлімдемесіне үн қатты
2 күн бұрын
-
Тоқаев соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды: Кремль не деді?
2 күн бұрын
-
Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды
2 күн бұрын
-
Ғасырлар бойы шешілмеген математикалық есепті екі қытайлық ғалым шешіп, әлемдегі ең беделді сыйлықты жеңіп алды
3 күн бұрын
-
Зейнетақы жинағын кімге сеніп тапсыру керек? Ұлттық банк басшысы кеңес берді
3 күн бұрын
-
«Айырмашылығы жер мен көктей»: Туристер неге Оңтүстік Кореяда денсаулық тексертуге құмар
3 күн бұрын
-
Өзбекстанда келінін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген ене 5 жылға сотталды
4 күн бұрын
-
Доллар күрт қымбаттады
4 күн бұрын
-
Африкада маймылдың жаңа түрі табылды (ФОТО)
4 күн бұрын
-
АҚШ-тың жаңа сауда салығы Қазақстанға қалай әсер етеді: Министрлік жауап берді
4 күн бұрын
-
Балаларын қағып, қашып кеткен: Шырылдаған әке әділдік іздеп жүр
4 күн бұрын
-
БҚО-да ер адам жұмыстан кешіккені үшін түрмеге қамала жаздады
4 күн бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті
4 күн бұрын
-
Атырауда түнде фейерверк атып, жұрттың мазасын алған екі адам жауапқа тартылды
4 күн бұрын
-
Вьетнамнан экстрадиция: Наркобизнеске бөлінген 2,5 млрд теңгені жымқырған күдікті Қазақстанға қайтарылды
4 күн бұрын
-
Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты
4 күн бұрын
-
Жапонияда шошқаның бүйрегін адамға салып көрмек
4 күн бұрын
-
Сағатына 200 шақырым: Астанада заманауи әуе таксиі таныстырылды
4 күн бұрын
-
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкция енгізді: тізімге Қазақстандағы ұйымдар да енді
4 күн бұрын
-
ШҚО: Катонқарағай ауданында ауқымды экологиялық сенбілік өтті
4 күн бұрын
-
Трамп жаңа баж салығын енгізді: тізімде Қазақстан да бар
4 күн бұрын
-
Энергетика министрлігі мұнай өндірісінің неге азайғанын түсіндірді
4 күн бұрын
-
Дрон шабуылдарынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі күрт азайды – Reuters
4 күн бұрын
-
Әлем чемпионы Испанияның $ 51 млн жүлдесінің $17 млн АҚШ салық үшін ұстап қалуы мүмкін
5 күн бұрын
-
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың жартысынан азы зейнетақы жарнасын тұрақты аударады
5 күн бұрын
-
Қазақстанда қолдан жаңбыр жауғызудың салдары зерттеліп жатқан жоқ
5 күн бұрын
-
Алматыда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған жаңа технология таныстырылды
5 күн бұрын
-
OpenAI жасанды интеллект агенті сынақ кезінде бақылаудан шығып, Hugging Face жүйесіне кибершабуыл жасады
5 күн бұрын
-
ҰҚК Батыс Қазақстан университеті ректорына қатысты тергеуді растады
5 күн бұрын
-
Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды (ВИДЕО)
5 күн бұрын
-
Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болған
5 күн бұрын
-
KazSat-3R байланыс серігін жасауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
5 күн бұрын
-
Ұлттық банктен де жоғары табыс: Жеке компаниялар азаматтардың зейнетақы жинағын қалай көбейтіп жатыр?
5 күн бұрын
-
Түркістан облысында 3 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды
5 күн бұрын