$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

BI Group пен BAZIS Бектеновтің ескертуінен кейін салық төледі

Редакция
12 наурыз 2025 08:47 2313
BI Group пен BAZIS Бектеновтің ескертуінен кейін салық төледі Сурет авторы: Коллаж: kursivmedia

Қазақстандағы ірі құрылыс компаниялары BI Group пен BAZIS салық төлеуден жалтарғаны үшін қосымша есеп беру арқылы салықтарын өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, салық төлеуден жалтару белгілері бойынша 633 салық төлеушіге хабарлама жіберілген. Оның ішінде 172 құрылыс компаниясы мен 102 сауда саласындағы компаниялар бар.

"12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есеп беру нысандарын тапсырып, салықтарын төлей бастады. Қазірдің өзінде 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group пен BAZIS компаниялары да бар. Деректерді салыстыру жалғасып жатыр," – деп мәлімдеді Қаржы министрлігі.

Сондай-ақ ірі құрылыс компаниялары қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз ету және құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды тоқтату мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп цифрлық шешімдер әзірлеу бастамасын көтерген.

Соңғы жаңалықтар