$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Бес жылда «теріс» себеппен 40 судья жұмыстан шығарылған

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4305
Бес жылда «теріс» себеппен 40 судья жұмыстан шығарылған Сурет авторы: Pixabay

Мәжіліс отырысында, депутат Үнзила Шапақ, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған судьяларды қызметке қабылдау туралы сауал жолдады. 

Кейінгі бес жылда 40 судья теріс себеппен жұмысынан босатылған. Заң бойынша мұндай судьяларды екі жылдан кейін мемлекеттік қызметке қабылдау қарастырылған. Алайда олар құқық қорғау, әскери және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіре алмайды.

«Мұндай судьяларға екі жылдан кейін немесе басқа мерзімде құқық қорғау қызметіне кіруге рұқсат беру мүмкіндігі бар деп ойлайсыздар ма? Немесе қолданыстағы заңдағыдай өмір бойы тыйым салуды сақтау керек пе?»- деген сауалды депутат Үнзила Шапақ, Бас прокуратура мен сот әкімшілігінің өкілдеріне жолдады.

Бас прокуратура өкілі, жауап беру кезінде Конституциялық соттағы арнайы бөлімді мысалға келтірді.

«Мемлекеттің арнайы қызметіне жоғары немесе қатаң талаптар қойылады делінген. Менің ойымша, мұндай судьялар, құқық қорғау органдарына жұмысқа алынбайды. Сотта дұрыс шешім қабылдамаған судья, құқық қорғау органдарына келіп дұрыс жұмыс істейтініне ешкім кепілдік бере алмайды», - деді бас прокуратура өкілі.

Соңғы жаңалықтар