$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Бес президент – бір портрет: Ашхабадтағы саммитте Түрікменстан президентінің алып суреті қызу талқыға түсті

Редакция
05 тамыз 2025 13:15 285
Бес президент – бір портрет: Ашхабадтағы саммитте Түрікменстан президентінің алып суреті қызу талқыға түсті Сурет авторы: Ақорда

2025 жылғы 4 тамызда Түрікменстан астанасы Ашхабадта Орталық Азия елдері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі өтті. Аймақтағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған жиында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары бас қосты. Алайда саммиттің мазмұнынан бұрын, әлеуметтік желіде жиын өткен залдың ішкі көрінісі қызу талқыға түсті.

Журналистер мен қатысушылар түсірген суреттерде залдың алдыңғы қабырғасында ілінген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің алып портреті айқын көрінеді. Портрет дәл мемлекет басшылары отырған орынның үстінен ілінген.

Түрікменстанда президент портретін қоғамдық орындарда көрсету бұрыннан келе жатқан тәжірибе. Елдің алғашқы басшысы Сапармұрат Ниязов та өз билігі тұсында өзін дәріптеудің түрлі символдық тәсілдерін қолданған еді. Бұл үрдіс кейінгі президент Гурбангулы Бердімұхамедов тұсында да жалғасты. Ол мектептерге өз суретін ілуді тапсырған еді.

Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар