$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Бес облыс су басу аймағында қалып отыр – ТЖМ

Редакция
02 сәуір 2024 03:36 2265
Бес облыс су басу аймағында қалып отыр – ТЖМ Сурет авторы: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.

"Су тасқының жағдайы тұрақты-күрделі, батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады", – деді ол.

Оның айтуынша, 5 облыс су басу аймағына, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отыр.

"Су қоймалары мен өзендердің толымдылығына мониторинг жалғасуда. Қазіргі уақытта Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде де үлкен қар көлемі жатыр", – деп толықтырды вице-миинстр.

Оның айтуынша, бұл өңірлерге қажет болған жағдайда, Министрліктің күштері мен құралдары қосымша тартылатын болады. ТЖМ мәліметінше, су тасқыны кезінен бастап 15 786 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам бар.

Соңғы жаңалықтар