$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Белсенділер қоқыстан Астанадағы Есіл ауданы әкімі орынбасарының портретін жасады

Редакция
24 желтоқсан 2024 08:43 2778
Белсенділер қоқыстан Астанадағы Есіл ауданы әкімі орынбасарының портретін жасады Сурет авторы: видеодан кадр/ Жаңа адамдар

«Жаңа адамдар» қозғалысының AntiTrash азаматтық кампаниясы рұқсат етілмеген қоқыс полигондарымен күресуді жалғастырып жатыр. Белсенділер Астананың Есіл ауданында рейд барысында бір жылдан астам уақыттан бері тұрған қоқыс үйіндісін анықтады. Жақын маңдағы «Capital Park» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қоқыс әлі күнге дейін шығарылмағанын және әкімдік берген уәделерін орындалмағанын айтып шағынды.

2024 жылдың басынан бері елордада 221 заңсыз қоқыс орны анықталған. Кейбір жерде, мысалы, Есіл ауданында, бұл мәселе 2028 жылға дейін шешілмейтіні белгілі болды. Бұл жақын маңдағы тұрғындар кем дегенде үш жыл бойы қоқыстың жанында өмір сүруі керек екенін білдіреді.

Белсенділер бұл аумақтың тазалығына жауапты Есіл ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Нүгербековке жүгінді. Назар аударту үшін олар әкім орынбасарының портретін қоқыстан жасады.

«Астаналықтар сізді қоқыс алаңымен еске алғанын қаламайтыныңызды және заңсыз үйіндіні жою үшін нақты шаралар қабылдайтыныңызға сенімдіміз», – деді жоба жетекшісі Бауыржан Аманов.

Белсенділердің айтуынша, Астанадағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарына қатысты мәселелер тек қоғамдық қысым арқылы шешіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар