Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді
Сурет авторы: Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰКП басшылығы және т.б. қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин саланың әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің 60%-ын әйелдер құрайтынын жеткізді.
Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың саладағы бүгінгі ахуал, орын алып отырған кедергілер мен даму перспективалары туралы баяндамасы тыңдалды. ӨҚМ деректері бойынша 2025 жылдың қорытындысында саладағы өндіріс көлемі 260 млрд теңгеге жеткен. Осы жылдың басынан бері өнеркәсіптегі өңдеуші сектордың өсуі 9,9%-ды құраған, бұл ретте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2 есеге ұлғайған. Десе де салада импорттың жоғары үлесі сақталуда.
Сонымен қатар дайын өнімдер шығару және қайта өңдеу үлесін ұлғайту шаралары талқыланды. Өндірістерді жаңғырту, қайта өңдеу қуатын кеңейту, локализациялау деңгейін арттыру, кадрлар даярлау және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін нығайту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Қазақстандық өндірушілерді қолдау мәселесі өз алдына бөлек қарастырылды. Атаулы қолдау шараларын ұсыну мақсатында Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімі жұмыс істейді.
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін бақылау үшін арнайы мақсаттағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау бойынша ұсыныстарын айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық әлеуетті нығайту міндетін қойды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Үкімет өңдеу секторын дамыту жұмыстарын күшейте түсті. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша өңдеу саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік маңызы зор. Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын кеңейтуіміз қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр қазақстандық өндірушілерге өткізу нарықтарына шығуға кепілдік бере отырып, өндірісті ұлғайту үшін қосымша ынталандыратын модель қалыптастыру қажеттігіне назар аударды.
Соңғы жаңалықтар
-
Парламент «Қазақстан халық кеңесі» туралы заң жобасын мақұлдады
2 сағат бұрын
-
Трамп: Си Ормуз бұғазы бойынша көмектесуге дайын екенін айтты
2 сағат бұрын
-
Қарағандыда қатерлі ісікке қарсы дәрілер шығаратын фармацевтикалық зауыт ашылмақ
4 сағат бұрын
-
Коучинг ғалымдар мен студенттердің жұмысын қалай жеңілдетеді?
15 сағат бұрын
-
Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді
20 сағат бұрын
-
Ердоған «Qoja Ahmet Yasaui» орденінің ең алғашқы иегері атанды
23 сағат бұрын
-
Депутат республикалық жолдардың сапасын тексеріп, тез бұзылу себептерін анықтауды ұсынды
23 сағат бұрын
-
«Арамызда ешқандай түйткіл жоқ»: Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді
23 сағат бұрын
-
Жұмыс берушілер қызметкерлерге медициналық тексеріс уақыты үшін ақы төлейтін болды
1 күн бұрын
-
Ақтауда қызметтік көлік мінген полицей баланы қағып кетіп, мерт қылды
1 күн бұрын
-
Үндістандағы жойқын дауыл салдарынан 89 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
“Банктен хабарласып тұрмыз”: алаяқтар енді алдай алмайды
1 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың қамау мерзімі тағы ұзартылды
1 күн бұрын
-
Бес жыл ішінде балалар аллергиясы 14 есеге артты: Мамандар дабыл қағуда
1 күн бұрын
-
Қазақстанда блогерлерге саяси жазбалары үшін айыппұл салынуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды
1 күн бұрын
-
Несиеге алынған iPhone-нан бас тарту: Жастар арасындағы жаңа мәдениет
1 күн бұрын
-
Қазақстандық оқушылар Грекиядағы халықаралық робототехника чемпионатында екінші орын иеленді
1 күн бұрын
-
Депутат балалар лагерьлерінің сапасы мен қауіпсіздігін сынға алды
2 күн бұрын
-
eGov, e-Otinish және Aitu сервистері интернетсіз қолжетімді болады
2 күн бұрын
-
Таиландқа визасыз бару мерзімі қысқармақ: Демалыс жоспарлағандар нені білуі тиіс
2 күн бұрын
-
Жалақы өссе де, халықтың әл-ауқаты неге төмен
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтарға нөмірлері мен смартфондарын бөтен адамдарға беруге тыйым салынуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Шұғыл қызметтерге қазақстандықтардың орналасқан жерін анықтау құқығы берілмек
2 күн бұрын
-
Оқушылар мен студенттерге жазда табысы жоғары жұмыстардан сақ болу ескертілді
2 күн бұрын
-
Жаңа пандемия ма: Хантавирус 5 елге тарап үлгерді
2 күн бұрын
-
Таразда полициядан қашқан 15 жастағы жасөспірім жол апатына түсіп, бір адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің ісі құпияланды
2 күн бұрын
-
Елімізде үй саудасы қайта жанданды: Қай өңірлерде сұраныс артты
2 күн бұрын
-
Тоқаев мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы жарлыққа қол қойды
2 күн бұрын
-
Әскерилерге өтемақы қалай берілетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
«Түнде балаларды тістейді»: Газадағы босқындар лагерінде егеуқұйрықтар қаптап кетті
2 күн бұрын
-
Талғарда әкесінің зиратына барған жігітті пышақтап өлтірді
2 күн бұрын
-
Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды
3 күн бұрын
-
Астанада LRT осы апта соңында іске қосылады
3 күн бұрын
-
Түрмеде отырып басқарған: Шымкент колледждерінде 1,3 млрд теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жүргізушісіз таксилердің жұмыс істеуіне не кедергі?
3 күн бұрын
-
Қазақстанда енді жол апатына ұшыраған көлік иелеріне айыппұл салынуы мүмкін
3 күн бұрын
-
Көкшетауда әйелді қағып өлтірген жүргізушінің куәлігі болмаған
3 күн бұрын
-
Қазақстандық теннисші Италия ашық чемпионатында әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңді
3 күн бұрын
-
Тоқаев: Астана Иранның ядролық мәселесін шешуге көмектесуге дайын
3 күн бұрын
-
Анталияда велосипедпен келе жатқан қазақстандық жігіт мерт болды
4 күн бұрын
-
Атырау облысында бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды
4 күн бұрын
-
Иран футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін ФИФА-ға шарт қойды
4 күн бұрын
-
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады
5 күн бұрын
-
Негізгі ҰБТ басталды: Биыл талапкерлер қай пәндерді жиі таңдады?
5 күн бұрын
-
АҚШ билігі Қазақстан аспанында байқалған белгісіз нысан туралы құжаттардың құпиясын ашты
5 күн бұрын
-
ШҚО-да KAZ Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапты
5 күн бұрын
-
«МӘҢГІЛІК АЛАУ» БАСЫНДА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛДЫ
5 күн бұрын
-
Жеңіс күні қарсаңында Бауыржан Момышұлының рухына тағзым жасалды
6 күн бұрын