$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Бектенов сиыр етін арзан бағамен сатуды тапсырды

Абдрахманов Мағжан
17 желтоқсан 2025, 14:17
Бектенов сиыр етін арзан бағамен сатуды тапсырды Сурет авторы: inbusiness.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі инфляцияның негізгі себебі азық-түлік бағасының өсуі екенін атап өтіп, ет пен ет өнімдерінің бағасын ұстап тұруды тапсырды.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, соңғы уақытта Ұлытау, Ақмола және Атырау облыстарында инфляция деңгейі өсіп отыр.

«Өңір әкімдерінің азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған барлық тетігі бар. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет», – деді Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр Сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін кеңейтуді және Астанада қолданылып жүрген арзан сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін өңірлерге енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар