Байланыс операторлары абоненттер туралы деректерді Ұлттық статистика бюросына беруге міндеттелмек: Тариф бағасы өсе ме?
Сурет авторы: gov.kz
Қазақстанда мобильді байланыс операторлары абоненттер туралы деректерді Ұлттық статистика бюросына ұсынуға міндеттеледі. Бұл түзету мемлекеттік статистика мен инновациялық қызметті қолдау жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасына енгізілді. Жиналатын мәліметтер тек дербестендірілмеген(мұндай ақпаратта адамның аты-жөні, ЖСН-і, мекенжайы сияқты жеке белгілері болмайды) түрде беріледі.
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, бұл шешім халықтың қозғалысын, көші-қон және туристік ағындарды талдау үшін қажет.
"Мұндай талаптар байланыс операторларына қосымша қаржылық жүктеме артуы мүмкін. Ал ол өз кезегінде тариф саясатына әсер етіп, халық үшін байланыс құнының қымбаттауына алып келуі ықтимал. Осыған байланысты басқа дереккөздерден статистикалық ақпарат алуға мүмкіндік жоқ па? Неліктен абоненттік деректерді жинауды міндетті деп есептейсіз?" – деп сауал қойды сенат отырысында депутат Алтынбек Нұхұлы.
Мақсат Тұрлыбаев бұл мәселені бюроның екі жылдан бері мобильді операторлармен бірге зерттеп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір де мемлекеттік органдардан балама деректер алынып отыр. Мысалы, кеден қызметінің ақпараты бойынша 2024 жылы Қазақстанға 7,1 млн турист келген. Алайда кәсіпкерлердің есептері бойынша тек 1,3 млн турист тіркелген.
"Демек, 5 млн-нан астам турист статистикадан тыс қалып отыр. Осы санатты есепке алу үшін біз әлемдік тәжірибені қарастырдық. Көптеген елде байланыс операторларының деректері қолданылады. Бұл мәліметтер өте нақты әрі сапалы, туристердің нақты санын көрсетеді. Бізге осындай ақпарат қажет деп санаймыз. Қосымша шығындар мәселесін де қарастырып жатырмыз. Біздің ойымызша, операторларға айтарлықтай қаржылық салмақ түспейді", – деді Турлыбаев.
Сенат депутаттары «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын және мемлекеттік статистиканы жетілдіру мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
Құжатта сондай-ақ Astana Hub инновациялық кластерінің қызметіне қатысты түзетулер бар. Оның ішінде:
-
«Astana Hub» автономды кластерлік қоры мен инновациялық кластерінің түсініктерін нақтылау;
-
жаңа қордың функцияларын кеңейту және оның мүлкін қалыптастыру көздерін қайта қарау;
-
шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекшеліктері.
Сонымен қатар қайталанатын функцияларды болдырмау үшін Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес таратылып, оның бірқатар өкілеттігі Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға берілмек.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
30 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
46 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын