$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Байқоңырдан ұшырылуы тиіс болған зымыраннан ақау табылды

Абдрахманов Мағжан
15 желтоқсан 2025, 10:06
Байқоңырдан ұшырылуы тиіс болған зымыраннан ақау табылды Сурет авторы: telegram/ Роскосмос

Ресей жалға алып пайдаланып отырған Байқоңыр ғарыш айлағынан 15 желтоқсанда ұшырылуы жоспарланған "Протон-М" зымыраны ақауға байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы Ресейдің ғарыш саласына жауапты «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, жоспарлы алдын ала тексеріс кезінде зымыранның жылдамдық үдеткіш блогынан сәйкессіздік анықталған.

«Жоспарлы тексеріс барысында үдеткіш блок жүйесінде жергілікті сәйкессіздік табылды. Ұшырылым кемшілікті жою үшін кейінге қалдырылды. Бұл ғылыми бағдарламаның орындалуына әсер етпейді, барлық міндет жоспарға сай атқарылады», – делінген «Роскосмос» хабарламасында.

Корпорация басшысының орынбасары Иван Данилов техникалық жұмыстар анықталған соң зымыранды дайындау әдеттегі режимде жалғасатынын айтты.

Соңғы жылдары Ресейдің ғарыш саласы бірқатар қиындыққа тап болған. Мамандар мұны қаржыландырудың қысқаруы, жемқорлық істері, жиілеген апаттар және ғылымнан гөрі саясаттың басымдық алуымен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар