$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Батыс Қазақстанда дрон жарылды: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне бақылауды күшейтті

Абдрахманов Мағжан
23 қазан 2025 14:15 753
Батыс Қазақстанда дрон жарылды: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне бақылауды күшейтті Сурет авторы: Telegram/ Уральская неделя

Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылы маңында дрон жарылды.

Қорғаныс министрлігі Қызылтал ауылы маңындағы дронның жарылғанын растады.

«Дронның сынықтары елді мекендерден алыс жерде табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ», – деп хабарлады министрлік.

Қазір Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және дронның шыққан тегін анықтап жатыр.

«Аталған құрылғылардың кімге тиесілі екенін нақтылау үшін шетелдік серіктестермен кеңес жүріп жатыр», – делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство әуе кеңістігіне бақылауды күшейтіп, рұқсатсыз ұшу нысандарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне жол бермеу шараларын қолға алғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар