$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Батыс Қазақстан облысында ірі жол апатынан 8 адам көз жұмды

Абдрахманов Мағжан
17 қараша 2025 17:19 737
Батыс Қазақстан облысында ірі жол апатынан 8 адам көз жұмды Сурет авторы: видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Апат «Чапай – Жаңақала – Сайқын» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың 50-шақырымында болған. Алдын ала дерекке сай, Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде көліктердің бірі өртеніп кеткен.

Оқиға орнында сегіз адам көз жұмып, төрт зардап шегуші Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

«Алдын ала болжам бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен. Ауа райы ашық, жол жабындысы жақсы болған, көлік қозғалысына еш кедергі болмаған», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар