$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Батыс Қазақстан облысында екі балада метапневмовирус анықталды

Редакция
06 қаңтар 2025 06:54 4400
Батыс Қазақстан облысында екі балада метапневмовирус анықталды Сурет авторы: shutterstock

Батыс Қазақстан облысында 14 жасқа дейінгі балалар арасында метапневмовирус жұқтырудың екі жағдайы тіркелді, деп хабарлады "Мой Город".

«БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста метапневмовирус жұқтырудың екі жағдайы анықталды. Екі жағдайда да науқастар – 14 жасқа дейінгі балалар», – делінген хабарламада.

Метапневмовирус негізінен ауа арқылы таралады, яғни жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде бөлінетін тамшылар арқылы жұғады. Бұл вирус маусымдық аурулардың өршитін кезеңінде, мысалы, күз бен қыс айларында, басқа инфекциялармен бірге жиі кездеседі.

Санитарлық дәрігерлер аурудың алдын алу үшін келесі шараларды орындауды ұсынады:

  • Үй мен жұмыс орындарын, әсіресе балалар бар жерлерді, үнемі желдетіп отыру;
  • Адамдар көп жиналатын жерлерге баруды мүмкіндігінше азайту;
  • Ауру белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынаста болмау.

Егер балада тұмауға немесе суық тиюге тән белгілер (жөтел, мұрынның ағуы, қызу көтерілу) байқалса, оны мектепке немесе балабақшаға жібермей, үйде қалдыру керек.

Соңғы жаңалықтар