$ 458.48 € 534.68 ₽ 5.43

Баспанаға жаңа міндетті төлем енгізілуі мүмкін: жылына 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін

Абдрахманов Мағжан
26 тамыз 2026, 15:13
Баспанаға жаңа міндетті төлем енгізілуі мүмкін: жылына 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін Сурет авторы: Media.az

Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Мұндай бастама 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының жобасында қарастырылған.

Жаңа жүйе енгізілсе, баспана иелері жыл сайын сақтандыру жарнасын төлеуге тиіс болады. Алдын ала есеп бойынша, оның көлемі жылына 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болуы мүмкін.

Жарна мөлшері баспана орналасқан өңірдегі табиғи апат қаупіне қарай белгіленбек. Яғни жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да табиғи қауіп-қатер ықтималдығы жоғары аймақтарда сақтандыру құны да жоғары болуы мүмкін.

Алайда міндетті сақтандыруды бірден енгізу жоспарланып отырған жоқ. Ұсыныс бойынша, шамамен үш жылдық өтпелі кезең қарастырылады. Осы уақыт ішінде табиғи апат салдарынан келген шығынды өтеуге арналған арнайы қорда қажетті қаржы жинақталуы керек.

Осы кезең аяқталғаннан кейін ғана баспана иелерінен міндетті жарна алу көзделіп отыр.

Әзірге бұл талаптар түпкілікті бекітілген жоқ. Олар 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының жобасында ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар